Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов және футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиевтің қатысуымен 29 сәуір күні Астанада баспасөз мәслихаты өтеді.
ҚФФ таратқан ақпарат бойынша, отырыстағы басты тақырыптар – Қазақстан футболының дамуы, қазіргі жағдайы және перспективалары, Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің қорытындысы.
Айта кетейік, ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Магомед Адиев жуырда ғана Ресейдің "Ахмат" клубының тізгінін ұстады. Екі жұмысты қатар алып жүретіні айтылды. 29 сәуірде құрамадағы жұмысын жалғастыра беруі немесе қызметінен кететіні жайлы ақпарат айтылуы да мүмкін.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!