ӘЧ-2021. Нұрқанат Райыс жарысты ширек финалда аяқтады

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Нұржамал Үсенова>
ӘЧ-2021. Нұрқанат Райыс жарысты ширек финалда аяқтады
Фото ©️ kfb.kz

Бокстан 75 килоға дейінгі салмақта әлем чемпионатының жүлдесі қазақстандық боксшыға бұйырмады. Бұл салмақта бақ сынаған Нұрқанат Райыс ширек финалда Италиядан келген Салватор Кавалерроға төрешілер шешімі бойынша 3:2 есебімен жол берді.

БӨЛІСУ

21 жастағы қазақстандық боксшы жекпе-жекті жап-жақсы өткізді. Сілтеген жұдырығы ауа қармап қалғаны жоқ. Десе де төрешілер шешімі екі жарылып, 3:2 есебімен Салватордың пайдасына шешілді.

Күндізгі сессияда шаршы алаңға шыққан бес боксшымыздың үшеуі жартылай финалға шықты. Теміртас Жүсіпов, Махмұд Сабырхан мен Абылайхан Жүсіпов кемі қоржынға қола медаль салып тұр. Ал Саматәлі Төлтаев пен Нұрқанат Райысқа сәттілік серік болмады.

Кешкі сессияда тағы бес боксшымыз шаршы алаңға шығады. Күрзі жұдырықты қазақ жігіттеріне жеңіс тілейміз.

51 кило
Сәкен Бибосынов – Юберхен Мартинес (Колумбия) — 23:00-де шығады.

57 кило
Серік Теміржанов – Эдуард Савин (Ресей) — шамамен 23:20-23:30-дарда шығады.

63,5 кило
Санатәлі Төлтаев – Рис Линч (Шотландия) — шамамен 00:00-00-15-терде шығады.

71 кило
Асланбек Шымбергенов – Юри Захариев (Украина) — шамамен 00:15-00-30-дарда шығады.

80 кило
Нұрбек Оралбай – Владимир Мирончиков (Сербия) — шамамен 00:45-01-00-дерде шығады.

Бокстан әлем чемпионаты 6 қарашаға дейін созылады. Жарыстың жүлде қоры 2,6 миллион долларды құрайды. Жарыс жеңімпаздары 100 мың АҚШ долларына ие болады. Күміс жүлдегерлер – 50 мың, қола жүлдегерлер 25 мың доллар алады.