ӘЧ-2017. Қамшыбек Қоңқабаев күміс жүлдеге ие болды

Марғұлан Ақан Корреспондент
Марғұлан Ақан>
ӘЧ-2017. Қамшыбек Қоңқабаев  күміс жүлдеге ие болды
Фото ©️ alzhan.kz

Бокстан Гамбургте өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында аса ауыр салмақтағы боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев әзірбайжандық қарсыласы Магомедрасул Меджидовке жол беріп, күміс жүлдеге ие болды. 

БӨЛІСУ

Қамшыбек барын салып бақса да, тәжірибелі Меджидов қарсыласынан өзінің айласын асыра білді. 

Айта кетейік, осы әлем чемпионатында Қазақстандықтар жалпы есепте 1 алтын, 2 күміс, 3 қоламен жалпы есепте 3 орын алды. Атап айтсақ: қола жүлдені 48 кг Жомарт Ержан, 69 кг Абылайхан Жүсіпов, 91 кг Василий Левит еншіледі.