Абзал Бейсебеков «Корона» сапындағы алғашқы голын соқты

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Нұржігіт Айдархан>
Абзал Бейсебеков «Корона» сапындағы алғашқы голын соқты

Польша чемпионатының кезекті турында «Корона» клубында өнер көрсететін қазақстандық қорғаушы Абзал Бейсебеков «Ягеллонии» командасына қақпасына алғашқы голын соқты.

БӨЛІСУ

Польша чемпионатының екінші кезеңіндегі алтыншы турда «Корона» клубы «Ягеллонии» командасына қарсы ойнады. Жерлесіміз бұл ойынға негізгі құрамда алаңға шықты. Алғашқы таймда 3:0 есебімен «Ягеллонии» командасы алда тұрды. Екінші таймда Абзал Бейсебеков көзге түсіп, есепті қысқартты. Ойынның 58-ші минутында «Ягеллонии» командасының ойыншылары тағы бір гол соғып, жеңіске қарай бір табан жақындай түсті. Алайда «Корона» сапынан Пшемыслава Трытко (дубль) мен Майея Коржималар белсеніп, есепті 4:4-ке жеткізді. 

«Корона» сапында өнер көрсететін тағы бір қазақстандық футболшы Сергей Хижниченко бұл ойынға 88-минутта қосылды. Осылайша Абзал мен Сергейдің командасы соңғы кездесуді тең аяқтап, 26 ұпаймен 13-орынға жайғасты.

Естеріңізге сала кетсек, «Корона» клубы Абзал Бейсебековті «Астана» командасынан бір жылға жалға алған болатын. 

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: vesti.kz