Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатын жалғастырады. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі хабарлады.
БӨЛІСУ
Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов қазақстандық боксшы мен италиялық Винченцо Манджакпаре жекпе-жегінің есебі қайта қаралып, Абылайханға жеңіс берілгенін хабарлады. Отандасымыз ширек финалда Манодж Кумар (Үндістан) - Габриэль Маэстре (Венесуэла) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездесетін болады.
Айта кетейік, осыған дейін 69 келіге дейінгі салмақтағы қос боксшы арасындағы жекпе-жек үшінші раундта Абылайдың жарақат алуына байланысты тоқтатылып, төрешілер жеңісті италиялық боксшыға берген еді.