Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатын айқын жеңіспен бастады

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Нұржамал Үсенова>
Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатын айқын жеңіспен бастады
Фото ©️ olympic.kz

Бокстан ұлттық құрама капитаны болып барған Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатын жеңіспен бастады. Отандасымыз жарыстағы бірінші жекпе-жегінде қытайлық Тайпей спортшысы Лин Юді жеңді.

БӨЛІСУ

67 килоға дейінгі салмақтағы жекпе-жекте отандасымыз айқын басымдығын байқатты. Шабуылда ширақ, қорғаныста сақ болды. Нәтижесінде төрешілердің барлығы Абылайханды жеңімпаз деп таныды.

Қазақстандық боксшы келесі кезеңде венесуэлалық Кристиан Паласиомен жұдырықтасады.

Айта кетейік, осыған дейін қазақ боксшылары арасынан бірінші болып Серік Теміржанов шаршы алаңға көтерілген болатын. Ол моңғолдық боксшы Энкх-Амар Хорхууды жарыс жолынан шығарған-ды.

Бокстан әлем чемпионатының жүлде қоры 2,6 миллион долларды құрайды. Жарыс жеңімпаздары 100 мың АҚШ долларына ие болады. Күміс жүлдегерлер – 50 мың, қола жүлдегерлер 25 мың доллар алады.