Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әбілхан Аманқұл ұлттық құрамаға оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2017 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған 27 жастағы Әбілхан Аманқұл Қазақстан құрамасымен бірге жаттығуға кірісетінін мәлімдеді деп жазды 1bol.kz.
"Кәсіпқой бокста өнер көрсеттім, бірақ жекпе-жектер болған жоқ. Бір жарым жылдай шаршы алаңға шықпадым. Бірақ жаттығуды жалғастыра бердім. Соңғы екі ай бойы демалдым. Қазір ұлттық құрамамен жаттығуға кірістім. Қазақстан чемпионатында бағымды сынап көргім келеді, әрі қарай көре жатармыз", - деді Аманқұл бокс федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Айта кетейік, Әбілхан Аманқұл - 2017 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2018 жылы Азия ойындарының вице-чемпионы, 2017 жылы Азия біріншілігінің қола жүлдегері.
Еске салайық, боксшы 2022 жылғы маусым мен 2023 жылғы қыркүйек аралығында кәсіпқой бокста өнер көрсеткен болатын. Ол осы аралықта бес жекпе-жек өткізді. Еншісінде 4 нокаут пен бір тең айқас бар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз