11-13 қазан аралығында Әбу-Дабиде (БАӘ) дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді. Оған Қазақстан құрамасы да қатысады, – деп хабарлайды msports.kz сайты.
ҚР ҰОК ақпараты бойынша, Әбу-Дабидегі жарыста Қазақстан атынан 13 дзюдошы бақ сынайды. Олардың қатарында Париж Олимпиадасында 5-орын алған Абиба Әбужақынова да бар. Бұл оның Олимпиададан кейінгі бірінші жарысы.
Турнирге қатысатын спортшылар:
Әйелдер:
Абиба Әбужақынова (-48 келі)
Эсмигүл Куюлова (-63 келі)
Назгүл Маратова (-78 келі)
Карина Тәкиева (+78 келі)
Ерлер:
Мағжан Шамшадин (-60 келі)
Дәурен Сүюкенов (-60 келі)
Әділбек Берікұлы (-66 келі)
Дархан Қойбағар (-73 келі)
Ермек Амангелді (-73 келі)
Жалғаc Қайролла (-80 келі)
Руслан Мұсаев (-80 келі)
Әділет Сапарғалиев (-100 келі)
Мәди Еділбаев (+100 келі)