Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының жетістігін қайталай алатын спортшыны атады.
БӨЛІСУ
Бапкердің айтуынша, "келесі Геннадий Головкин" ресейлік 22 жастағы Мұрат Гассиев болуы мүмкін. Санчес бірінші ауыр салмақта сынға түсіп жүрген спортшының кез келген боксшыдан басым түсетінін айтты. "Мен оны келесі Геннадий Головкин деп есептеймін", − деді Санчес.
Айта кетейік, мамыр айының соңына дейін Головкин мен Альварес келісімге келу керек. Жекпе-жек қыркүйекте өтуі мүмкін.
Дереккөз: tengrinews