
Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) президенті Густаво Оливьери неге орта салмақтағы Жәнібек Әлімханұлына (16-0, 11 КО) ұйымның "суперчемпионы" мәртебесі берілмегенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Х желісін қолданушылардың бірі ұйым басшысынан неге екі белбеуі бар (WBO, IBF) Әлімханұлына "суперчемпион" атағы берілмегенін сұрады.
"Өйткені "суперчемпион" мәртебесі (титул емес, құқық пен артықшылық) белгілі бір критерийлерге сай болуды талап етеді. Біздің ереже мен тәртіптердің 14-бөлімін қараңыздар", - деп жазыпты Оливьери жауап ретінде.
Айта кетейік, WBO "суперчемпионы" мәртебесін алуда басты критерийдің бірі - титулды мықты қарсыластарға қарсы кемі он рет рет қорғау.
Because “Super Champion” status (rights and privileges; NOT a title) requires compliance with specific criteria. See, Section 14 of our rules and regulations. Regards. — Gustavo Olivieri, Esq. (@OlivieriLaw) March 9, 2025
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!