WBC Конвенциясы Астанада неге өтпейтіні белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
WBC Конвенциясы Астанада неге өтпейтіні белгілі болды
Фото ©️ day.az

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) 55-ші мерейтойлық Конвенциясы Астана қаласында өтпейтіні жайлы хабарлаған едік. Іс-шараның Бакуге ауысуына байланысты Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожин Vesti.kz тілшісіне пікір білдірді.

БӨЛІСУ

- Біз үшін бұл жағымсыз әрі тосыннан болды, оның үстіне түсініксіз. Себебін анықтай бастағанда Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев WBC президенті Маурисио Сулейманға қоңырау шалып, конвенцияны Бакуде өткізуді ұсыныпты. Президент ұсынысынан бас тарту оңай емес екені түсінікті. Әзірбайжан бастау алған имидждік жобаларды қолдайды. Президентке қызық болған сияқты", - дейді Бекхожин.

- Бізде бәрі дайын ба еді?

- Конвенцияны өткізуге бәрі дайын болатын. Олар Астанаға көруге келгенде бәріне риза болды. Бізде келісім болғанымен Маурисио бірінші кезекте бизнесмен болғандықтан, пайда мен түсім жағын бірінші ойлайды. Кім жақсырақ жағдай ұсынса, сол жаққа қарай тартады. Ал біз бар күшімізді енді бокс кешіне бағыттаймыз.

- Бұл Әзірбайжанмен қарым-қатынасымызға әсер етеді ме?

- Жоқ. Бұл бір үлкен өкініш емес. Бұл бизнес қана.

- Біздің делегация Әзірбайжандағы конвенцияға бара ма?

- Әрине, бұл жағдайға қалыпты қарау керек. Бұл - бизнес. Қарсылық санкциялары болмайды. Бұл біздің имиджге әсер етпейді, біз конвенцияны алдағы жылдары өткізе аламыз.

Айта кетейік, 23 мамырда WBC  ресми сайтында конвенцияның Әзірбайжан астанасы Бакуге ауыстырылатыны туралы ақпарат пайда болды. Бұл шара қазанның 1-6 аралығы өтеді.