WBA нұсқасы бойынша 2017 жылдың ең үздік боксшысы - Геннадий Головкин

Аслан Қажиев Корреспондент
Аслан Қажиев>
WBA нұсқасы бойынша 2017 жылдың ең үздік боксшысы - Геннадий Головкин
Фото ©️ google.com

Бүкіләлемдік боксшылар қауымдастығы твиттердегі ресми парақшасында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізіп, 2017 жылы шаршы алаңда үздік өнер көрсеткен спортшыны анықтады.

БӨЛІСУ

Аталған сауалнамада үш боксшының есімі жазылды. Олар - Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО), Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО) пен Энтони Джошуа (20-0, 20 КО) болды.

Жанкүйерлердің 50 пайызы Головкинге дауыс берсе, қалған екеуі 25 пайыздан қолдауға ие болған. Сауалнамаға барлығы 4 786 бокс жанкүйері қатысты.

baq.kz