Virtual Half Marathon онлайн-марафоны желаяқтарын күтеді

Гүлжанар Берік Корреспондент
Гүлжанар Берік>
Virtual Half Marathon онлайн-марафоны желаяқтарын күтеді
Фото ©️ almaty-marathon.kz

2020 жылдың 18 қазанында Алматы жартылай марафоны Virtual Half Marathon атты онлайн-форматта өтеді. Бұл күні Қазақстанның түкпір-түкпірінен мыңға жуық спортшы онлайн-жүгіруге шығады.

БӨЛІСУ

Алматылық қатысушылар үшін ұйымдастырушылар жағымды тосынсыйлар дайындап қойды. Қала бойынша су пункттері, медаль беру орындары, музыкалық нүктелер орнатылады және фотографтар болады.

ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақ

«Атакент» ҚІЫО

«Алматы Арена» МС

Баум атындағы тоғай.

9:30-дан 15:00-ге дейін барлық жүгірушілер медальді бірден жүгіріс мәресінде ала алады. Басталу уақыты әртүрлі. Жүгіру виртуалды болғандықтан, әрбір қатысушы жүгіру үшін өзіне ыңғайлы уақытты таңдайды.

Қашықтықтар:

* 21 км (жартылай марафон),

* Үш адамнан тұратын командалар үшін 21 км-лік эстафета. Эстафетаның әрбір қатысушысы 7 км-ден жүгіреді.

* Сіз кез келген қалада, қалаған жерде жүгіре аласыз. Әрбір қатысушы финишер медалін алады.

Сондай-ақ, 18 қазан күні таңертең Алматы марафонының Instagram-аккаунтында тікелей эфирде қатысушылар үшін, жүгірушілер үшін және скандинавиялық жүріс қатысушылары үшін жаттығулар өткізіледі. Ал кешке сағат 18:00-де жүгірушілер Уәлихан Тен жүгіру мен альпинизмді ұнататын кино мен театр актрисасы, Айсұлу Әзімбаевмен тікелей эфирде сұхбаттасуын тыңдай алады.

Жүгіруге тіркелу мына сайтта әлі де жалғасуда.

Шараны «Бірінші болу — батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, Академик Ш. Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қоры және мультиспорттық #Сеніңжаңақырың Youtube-арнасы ұйымдастырып отыр.