Еліміздегі танымал спорт сайттарының көшін бастап тұрған vestі.kz сайты спорт жанкүйерлері мен оқырмандарына арнап жаңа жобаны қолға алды. Қолға алынған байқауға қатысып, сіз де жеңімпаз атануыңызға мол мүмкіндік бар. Сізді бағалы сыйлықтар күтеді.
Байқау 4 кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңі бүгін бастау алды. Бір ай ішіндегі футбол кездесулеріне ұсынған болжамыңыз дөп келіп жатса, сайтқа арнайы демеушілік қызмет атқарып отырған Beeline-нан бағалы жүлделерге ие бола аласыз.
Әр аптадағы кездесулерге ұсынған болжамың бойынша тағы да қосымша сыйлықтарға қол жеткізе аласыз. Олардың қатарына 3G WIFI роутер, 3G USB модем және Beeline ұсынған ерекше нөмірлер еніп отыр. Ал айдың үздік болжамын ұсынып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққандарды Samsung Galaxy планшеті, HTC One Mini және LG Optimus смартфондары күтетін болады.
Өту кезеңі: 14 наурыз бен 18 сәуір аралығы. Әр кезең бір жарым апта уақыт аралығын қамтиды.
1. Әр жұма сайын vestі.kz сайтында алдағы аптаның басты кездесулеріне болжам жасайтын ойындар тізбегі шығады.
2. Аптаның үздік болжамы қорытындысы сейсенбі күні белгілі болады және ақпарат түрінде сайтта жарияланады.
3. Барлық қатысушы жарияланған байқаудағы мақала соңына өз болжамдарын пікір ретінде қалдырады. Бір қатысушы бір ғана болжам жасай алады. Егер ереже орындалмай жатса, жарыстан шеттетіледі.
4. Болжамдар Астана уақытымен сағат күндізгі 12:00-ге дейін қабылданатын болады (мысалы, 2 сәуір күні Астана уақытымен сағат түнгі 01:45-те басталатын кездесу күні 1 сәуір деп алынады, және оған ұсынылатын болжамдар Астана уақытымен күндізгі сағат 12:00-ге дейін қабылданады).
Кезеңнің жеңімпазы болып, кезеңде ең көп ұпай жинаған қатысушы атанса, байқау жеңімпазы болып 4 кезеңнен жоғары ұпай жинаған үміткер танылады.
Болжамдар қалай есепке алынады:
3 ұпай – кездесудің есеп бойынша дәл болжамы:
2 ұпай – кездесудің қорытынды нәтижесі мен доп айырмашылығы:
1 ұпай – тек кездесудің нәтижесі:
Мысалы:
1) "Астана" - "Ақтөбе"
2) "Шахтер" – "Қайрат"
3) "Манчестер Юнайтед" – "Ливерпуль"
4) "Милан" - "Ювентус"
Қатысушы болжамы – 1) 3:0 , 2) 2:3, 3)3:1 4)2:1,
Нақты нәтиже – 1) 3:0. 2) 1:3 ,3)4:2, 4) 1:1
Қорытынды ұпай: 1) бір толық есеп бойынша болжам – 3 ұпай, 2) бір кездесудің нәтижесі дұрыс, бірақ доп айырмашылығы сәйкес емес -1 ұпай, 3) бір кездесудің нәтижесі мен доп айырмашылығы сәйкес келді – 2 ұпай, 4) кездесу нәтижесін таба алмады - 0 ұпай,
Қорытынды: 5 ұпай
Егер кезең жеңімпаздарының ұпайы тең болған жағдайда, болжамның «басты ойыны» саналған кездесуге назар аударылады. Әр кезеңнің «басты ойыны» белгіленетін болады. Ал байқау жеңімпаздарының ұпайы тең болып жатса, ол да «басты ойынға» тәуелді болады. Ал одан да тең болып жатса, екеуінің бірі таңдалатын болады.
Байқауға ҚР азаматтығы бар және кәмелетке толған азамат пен азаматша қатыса алады.
Байқау қорытындысы шыққаннан кейін жеңімпаздар "Кар-Тел" ЖШС қызметкерлері арқылы өз сыйлықтарын қалай алуды біле алатын болады.
Жеңімпаз сыйлығын қандай жағдайда ала алмауы мүмкін:
- егер жеңімпазбен бір апта ішінде байланыс орнатылмаса;
- сыйлықты өзге адам арқылы;
Сыйлықтар ақшалай берілмейді.
Сонымен бүгін vesti.kz сайты байқаудың алғашқы кезеңін бастады. Қатысыңыздар! Жеңімпаз атаныңыздар!
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: vesti.kz