Vesti.kz порталы "Астана арландарының" келесі жекпе-жегін тікелей эфирден көрсетеді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Vesti.kz порталы "Астана арландарының" келесі жекпе-жегін тікелей эфирден көрсетеді

Бүкіләлемдік бокс сериясындағы (WSB) "Ресей патриоттары" мен "Астана арландары" арасындағы ширек финалдың екінші жекпе-жегін Қазақстанда тікелей эфирде тек Vesti.kz порталы көрсетеді.

БӨЛІСУ

Ширек финалдың бірінші кездесуі ертең 20 мамырда Қарағанды қаласында өтеді. Жекпе-жек Астана уақытымен 17:30-да басталады. Кездесудің тікелей трансляциясын мына сілтеме бойынша көре аласыздар. Vesti.kz порталында бұл кездесуді Роман Кушпелев пен Өмірбек Сансызбай жүргізеді. Трансляция қазақ және орыс тілдерінде болады.

Жекпе-жекте шаршы алаңға шығатын боксшылардың тізімін мына жерден көруге болады.

Қос команданың 11 мамырда Ресейдің Кемеров қаласында өткізген бірінші кездесуінде 3:2 есебімен қазақстандық боксшылар жеңіске жеткен болатын.