V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу рәсімі көрерменсіз өтеді

Дина Ибраева Корреспондент
Дина Ибраева>
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу рәсімі көрерменсіз өтеді
Фото ©️ Kazinform

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталуға жақын. 8-13 қыркүйек аралығында Қазақстан астанасында 89 елден келген 2500-ге жуық спортшы - әртүрлі мәдениет пен ұлт өкілдерінің басын қосқан көшпенділер дәстүрі мен спортының ұлық мейрамы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 13 қыркүйек күні аяқталады. Осы жылдың көктемінде бюджеттің қысқаруына байланысты жабылу рәсімі хаттамалық форматта және көрерменсіз өтеді. Шараны қазақстандық жетекші телеарналардың тікелей эфирінен тамашалауға болады.
Ойындардың жабылу салтанатына билет сату туралы ақпарат тарағанын ұйымдастырушылар назарға алып отыр. Осы орайда жабылау рәсіміне билет сатылып жатпағанын ресми түрде хабарлаймыз. Кез келген жалған ақпарат алаяқтық болып саналады. Азаматтарды абай болуға шақырамыз.

"Өтініш, күмәнді ұсыныстарға алданып қалмаңыздар. Ойындардың жабылу рәсіміне тек спортшылар қатысады. Ал көрермен жинау мүлде көзделмеген, - дейді ұйымдастырушылар.

Еске салайық, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қатысушылар 21 спорт түрінен сынға түсуде. Этноауылда апта бойы күнделікті 100-ге жуық мәдени шара өтуде. Ал бүгін Ұлттық музейде ғылыми бағдарлама аясында "Көшпенділер: тарих, білім, сабақтар" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Шараға 12 елдің жетекші мамандары қатысты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз