Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) АҚШ ашық біріншілігінің алдында спортшылардың рейтингін жаңартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БӨЛІСУ
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик АТР рейтингінде 27-орынды сақтап қалды.
Александр Шевченко бір сатыға төмендеп, 61-орыннан көрінді.
Михаил Кукушкин 117, Дмитрий Попко 181-сатыда. Ал турнирдің негізгі айналымына жолдама алған Тимофей Скатов бір сатыға көтеріліп, 188-орынға жоғарылады.
Айта кетейік, АҚШ ашық біріншілігі 26 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!