Қазақстандық теннисші Анна Данилина аралас сында АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Данилина финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге екінші айналымда испаниялық Кристина Буча – бельгиялық Йоран Флигеннің мысын басты.
Бірінші партияда испаниялық-бельгиялық жұп сәтті ойнады – 6:4.
Есесіне, екіншісінде Данилина – Хелиоваара есе қайырды – 6:3.
Супер тай-брейкте қазақстандық-финляндиялық дуэт матчты жеңіспен түйіндеді – 10:8.
Анна Данилина – Харри Хелиоваара жартылай финалға шығу үшін америкалық Тэйлор Таунсенд - Дональд Янгпен таласады.
Былтыр Данилина – Хелиоваара осы жарыста жеңімпаз атанған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!