Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (18-0) UFC 310 турниріне қатысатын болды. Ол басты жекпе-жек алдында октагонға шығатын болды, - деп хабарлайды msports.kz сайты.
Шавкат бұған дейін белгілі болғандай, ирландиялық Иэн Гэрримен (15-0) шайқасады. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек 7 желтоқсан күні Лас-Вегаста өтеді.
Турнирдегі өзгерістер жайлы UFC президенті Дана Уайт хабарлады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл турнирдің басты жекпе-жегінде Шавкат чемпион Белал Мұхаммедпен кездесуі керек болған. Алайда қарсыласы аяқ саусағына ота жасатып, кездесуден бас тартты. Нәтижесінде UFC ұйымы қазақстандық спортшыға жаңа қарсылас іздеуге кіріскен еді.
Иэн Гэрри - ирландиялық спортшы. Шавкаттан жас, 27-де. Дзюдодан қара белбеу иегері. Бокспен де шұғылданған. Жекпе-жектегі стилі - бокс және дзюдо әдістері.
Шавкат секілді жеңіліссіз келеді: 15-0. UFC-де 2021 жылдан бері бақ сынайды. 8 жекпе-жек өткізген. Олардың қатарында Джефф Нил мен Майкл Пейдж де бар. Рейтингте 7-орында тұр.