Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Мария Агапова (8-1) 13 маусым күні АҚШ-та UFC-гі (Ultimate Fighting Championship) алғашқы жекпе-жегіне шығады.
MMA Fighting ақпараты бойынша қазақстандық спортшы бразилиялық Мелисса Гаттомен (6-0-2) шайқасады. Қарсыласы да алғаш рет UFC турнирінде бақ сынайтын спортшы.
13 маусым күнгі UFC турнирі бастапқыда Қазақстанда өтеді деп күтілген. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты ұйымның бұл жоспары өзгерген-ді.
Мария Агапова әлемдегі ең үздік промоушнмен осы жылдың ақпан айында келісімге қол қойды. Сондай-ақ UFC-де бақ сынауға келісімі бар қазақстандық спортшылар қатарында Шавкат Рахмонов пен Жалғас Жұмағұлов та бар.