Жеңіл салмақта UFC ұйымының "уақытша" чемпионы болған америкалық файтер Дастин Порье (30-8-0-1) украиналық Василий Ломаченко (18-3, 12 КО) мен аустралиялық Джордж Камбосос (21-3, 10 КО) жекпе-жегінен кейін техникасы ең мықты боксшыны атады.
БӨЛІСУ
Ломаченко 11-раундта нокаутпен жеңіске жеткеннен кейін Порье әлеуметтік желіде былай деп жазды:
"Лома, қазіргі таңдағы техникасы ең мықты боксшы екені сөзсіз".