Жартылай орта салмақтағы Белал Мұхаммед пен Шавкат Рахмонов арасындағы чемпиондық жекпе-жек өтпейтін болды. UFC чемпионы аяқ саусағына ота жасатқан, - деп хабарлайды msports.kz cайты.
Екі спортшы 8 желтоқсан күні UFC 310 турнирінің басты жекпе-жегінде кездесуі керек болған. Алайда бүгін белгілі болғандай, Белал кездесуге шыға алмайтын болды. Кейіннен өзі хабарлағандай, аяқ саусағына инфекциялық жара шыққан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Аяғымның сүйегіне инфекция түсті. Антибиотик енгізу үшін аяққа ота жасауға тура келді. Алдағы алты апта бойы физикалық жаттығуларға тыйым салынды. Алланың жоспары - ең жақсы жоспар. Барлығыңыздан жоспарларыңызды бұзғаным үшін кешірім сұраймын. Мен жақында қайта ораламын, Иншалла", - деп жазды Белал.
Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов та қарсыласының сауығып кетуін тілеп, әлі де күтетінін айтты.
"Белал тез сауығып кетсін деймін. Біз сенімен 100% дайын болғанда кездесеміз. Қазір уақытша белбеу үшін UFC 310 турнирінде кіммен болсын кездесуге дайынмын", - деді отандасымыз.
UFC қазақстандық спортшыға жаңа қарсылас қарастырып жатыр.