UEFA Суперкубогы. "Реал" – "Аталанта" ойынын қайдан көруге болады?

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
UEFA Суперкубогы. "Реал" – "Аталанта" ойынын қайдан көруге болады?

Бүгін түнде UEFA Суперкубогының иегері анықталады. Финалда биыл Чемпиондар лигасын ұтқан "Реал Мадрид" (Испания) пен Еуропа лигасының жеңімпазы "Аталанта" (Италия) кездеседі. 

БӨЛІСУ

Ойын Варшавадағы "Народовы" стадионында өтеді. Қазақстан уақытымен түнгі сағат 00:00-де басталады. Маусым алдындағы маңызды ойынға швейцариялық төреші Сандро Шерер қазылық жасайды. 

Қазақстандықтар бұл ойынды QazSport арнасынан және сайтынан тікелей эфирде тамашалай алады. 

Бұл ойындағы басты оқиғалардың бірі – Килиан Мбаппенің "Реал" сапында алаңға шығуы. Осы жазда "корольдік клуб" сапын толықтырған шабуылшы алғашқы ресми кездесуінде негізгі құрамда ойнайды деп күтілуде. Сондай-ақ жаңа командасымен алғашқы кубогын иелену мүмкіндігі туып тұр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Real Madrid C.F. (@realmadrid)

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!