Summer Run: Алматыда кешкі қалада жүгіру жарысы өтеді

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Нұржамал Үсенова>
Summer Run: Алматыда кешкі қалада жүгіру жарысы өтеді

Бүкіл отбасымен бірге қатысуға болатын Summer Run кешкі жылы қалада жүгіру жарысы 17 шілдеде өтеді. Қолжетімді қашықтықтар: 12 км, 8 км скандинавиялық жүріс, 500 м-ге, 1 және 3 км-ге балалар жарысы (6 жастан асқан балалар).

БӨЛІСУ

Жарыс «Almaty ARENA» мұз сарайының аумағында өтеді және қатысушыларды күннің батуының әдемі көрінісімен қуантады. Тіркелу almaty-marathon.kz сайтында қолжетімді.

«Summer Run» – біздің дәстүрлі жазғы кешкі жарысымыз, онда біз қатысушылардың арасында балаларымен бірге жүгіретін әуесқой спортшыларды көруге қуанышты боламыз, – дейді «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының директоры Салтанат Қазыбаева. 

12 км, 3 км, 1 км, 500 м қашықтықтарда жас санаттарындағы жеңімпаздар медальмен, грамотамен, ақшалай және бағалы жүлделермен марапатталады. Жарыстың мәреге жеткен барлық қатысушылары естелік медалін алады.

Қазақстанда 2022 жыл "Балалар жылы" болып жарияланды, осыған байланысты біз қала тұрғындарының назарын балалар спортын дамытуға аударғымыз келеді. Біздің іс-шараларымызда біз өткен «Tau Jarys» ойлы-қырлы жерлермен жүгіру жарысына, сондай-ақ алдағы «Turkistan Marathon» және таяу уақытта өтетін «Summer Run» жарыстарына балалар қашықтықтарын қостық. Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың сәуір айының басында жастарды салауатты өмір салтына және спортқа көбірек тарту мақсатында жоғары сынып оқушылары мен студенттер арасында қысқа қашықтықтарға «JANA TOLQYN» жарысын өткіздік. Біз өскелең ұрпақтың дені сау әрі мықты болып өсетініне сенеміз, - дейді С. Қазыбаева.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта 7 тамызда өтетін Visa Tour of World Class Almaty велосипед жарысына, 25 қыркүйекте өтетін «Алматы марафонына» және 30 қазанда өтетін «Turkistan Marathon» жарысына тіркелудің ашық екенін естеріңізге саламыз. Барлық жарыстарға тіркелу almaty-marathon.kz сайтында жүреді.