Pfizer вакцинасы балалар мен жүкті әйелдерден басқа азаматтарға да салынуы мүмкін. Қазір қай азаматтар тобына вакцина қажет екені анықталып жатыр. Осылай деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет сағатында.
БӨЛІСУ
"Pfizer вакцинасы басында 12 жастан асқан балалар мен жүкті әйелдерге салыну жоспарланған еді. Алдағы уақытта бұл тізімді кеңейтуіміз мүмкін. Бірақ ең алдымен балаларды толық вакцинамен қамтуымыз керек. Содан кейін көреміз", - деді елдің бас дәрігері.
Айта кеткен жөн, америкалық вакцина елімізге 2021 жылы қысқа таяу келмек. Алексей Цой аталмыш екпені елге жеткізу туралы келісімшарттың 6 қазан күні толық аяқталғанын мәлімдеген.