PUBG: Киберспортшылар бірыңғай ереже бойынша бақ сынайды

Massaget Корреспондент
Massaget >
PUBG: Киберспортшылар бірыңғай ереже бойынша бақ сынайды
Фото ©️ 4game.su

Әлемге танымал PUBG ойыны бойынша халықаралық жарыстардың бірыңғай ережесі бекітілді. PlayerUnknown`s Battlegrounds ойынын жасаушылар бірыңғай реттелген жүйе бойынша үш түрлі турнир жасамақ.

БӨЛІСУ

Аймақтық лигалар

Кәсіпқой PUBG алаңы 6 аймаққа бөлінеді. Әр аймақтың тұрақты лигасы болады. Атап айтқанда: NPL (Солтүстік Америка), PEL(Европа), PKL (Корея), PJS (Жапония), сондай-ақ Қытай мен Тайвань. Ал Латын Америкасы, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Мұхит елдерінің лигалары әзірлену үстінде.

Нұсқаулық

Жарыстар FPP тәртібі бойынша өтеді. Турнирде 4 адамнан құралған 16 команда 2 картада (Мирамар және Эрангел) күш сынасады. Ойындағы көк аймақтың жылжуы, дроп және ұпай саны біршама өзгерістерге ұшыраған. Қарсыласын өлтіргені үшін 1, ал бірінші орынға 10 ұпай беріледі. 9-16 орындар үшін ұпай жоқ.

Көк аймақ алғашқы 2 айналымда жылдам жылжитын болады. Ал көк аймақта қалып қойған ойыншының тірі қалуы екіталай. Ал дроп бұрынғыға қарағанда екі есе көп болады.

Күнтізбе

Маусым үш кезеңді аймақтық лигаға бөлінеді. Үзіліс кезінде 4 ірі әлемдік жарыс өтеді. Ал маусым соңында үздік шыққандар PUBG Global Championship турнирінде бақ сынайды.

PUBG ойынынан әлемдік турнирлерде ел намысын "Avangar" командасы қорғап жүр. Сондай-ақ, елімізде киберспорттың дамыту үшін Киберспорт академиясы құрылады.