Marca басылымы “Алтын доп“ иегерін алдын ала анықтап қойды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Marca басылымы “Алтын доп“ иегерін алдын ала анықтап қойды
Фото ©️ marca.com

Испанияның Marca басылымы биылғы "Алтын доп" иегерінің есімін жариялады. Олар бұл марапатты Бразилия құрамасы мен "Реал" командасының шабуылшысы Винисиус Жуниор иеленеді деп болжап отыр. 

БӨЛІСУ

Басылым ақпараты бойынша, ұйымдастырушылар футболшыға бұл жаңалықты хабарлап үлгерген көрінеді. Ал Nike компаниясы бразилиялық ойыншының құрметіне арнайы алтын бутсы дайындауда екен. 

2024 жылғы "Алтын доп" иегерін марапаттау кеші 28 қазан күні Парижде өтеді.

Айта кетейік, өткен жылы бұл марапатты Лионель Месси жеңіп алған болатын. Биыл аргентиналық ойыншы 30 үміткер қатарына да қосылмады.