Американың CBS телеарнасы аралас жекпе-жек тарихындағы ең ұлы спортшылардың рейтингін түзді.
Салмақ дәрежесінен тәуелсіз рейтингтңғ үздіктер көшін америкалық спортшы Джон Джонс бастады. Бір қызығы ол жақында UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуінен бас тартты.
Екінші орынға бразилиялық Андерсон Силва жайғасса, үштікті канадалық Жорж Сен-Пьер түйіндеді. Ресейлік Федор Емельяненко болса төртінші сатыда, ал америкалық Деметриус Джонсон бесінші орыннан көрінді.
CBS жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов бар болғаны алтыншы орынға қойған. Бір уақытта UFC-дің екі салмақта чемпионы болған Конор Макгрегор тоғызыншы сатыда тұр.
CBS нұсқасы бойынша ММА тарихындағы ең үздік 10 спортшы:
1. Джон Джонс (АҚШ)
2. Андерсон Силва (Бразилия)
3. Жорж Сен-Пьер (Канада)
4. Федор Емельяненко (Ресей)
5. Деметриус Джонсон (АҚШ)
6. Хабиб Нурмагомедов (Ресей)
7. Жозе Альдо (Бразилия)
8. Даниэль Кормье (АҚШ)
9. Конор МакГрегор (Ирландия)
10. Мэтт Хьюз (АҚШ).