M1-Challenge 105 турнирінде Қазақстан атынан қандай спортшылар өнер көрсетеді?

Аслан Қажиев Корреспондент
Аслан Қажиев>
M1-Challenge 105 турнирінде Қазақстан атынан қандай спортшылар өнер көрсетеді?

19 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласындағы "Жекпе-жек" сарайында M1- Challenge 105 #СЕНІҢЖАҢАҚЫРЫҢ KAZMMA-да атты аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтеді. Шара аясында қазақстандық спортшылардың қатысуымен екі жекпе-жек ұйымдастырылмақ. Ел намысын қорғайтын спортшылар кімдер?

БӨЛІСУ

Сергей Морозов (15-4) 

Кештің басты айқасында жеңіл салмақтағы M-1 Challenge-нің қазіргі чемпионы Сергей Морозов  (Қазақстан), 15-4 өзінің белбеуін қорғайды. Оның қарсыласы рейджде осыған дейін жеңіліп көрмеген Джоша Реттингхаус (АҚШ) болмақ, 16-4. 2016 жылдың желтоқсанында M-1 Global туриниріне Сергей Морозов жаңа келіп, M-1 Challengе-де екінші жекпе-жегін өткізген американдық спортшы Джош Реттингхауспен алғаш рет кездесті. Джош Сергейді нокаутқа жіберіп, айқас бірінші раундтың бесінші минутында аяқталған еді.

Сол кезден бері бір жарым жылдан аса уақыт өтіп, Джош рейджде екі рет жеңіске жетті. Бірақ оның күнделікті бухгалтерлік жұмысы мен көптеген жарақаттары титулдық жекпе-жекке шығуына кедергі жасаған. Осы уақыт аралығында, Сергей Морозов жеті рет жекпе-жек өткізіп үлгерді. Оның екеуінде чемпиондық титул белбеуі үшін айқасты. Алғашқы айқаста отандасымыз Мовсар Евлоевке есе жіберсе, екінші рет Александр Осетровпен кездесіп, өзінің чемпиондық титул белбеуін алып үлгерді.

19 қазан күнгі жекпе-жек реванш болғалы тұр. Сергейдің бұл айқаста жеңіске жетуіне бір емес, үш бірдей себеп бар. Алғашқысы, тұңғыш рет өзінің чемпиондық белбеуін қорғайды. Екіншіден, бұрынғы қарсыласынан реванш алуға тырысады және ең маңыздысы, үшіншіден, өз отандастарының алдында өнер көрсетеді.

Джошқа келетін болсақ, ол өзінің жеңістер сериясын жалғастырып, King of The Cage чемпиондық белбеуіне M-1 Challenge чемпиондық белбеуін қосуға тырысады. Екі спортшының жекпе-жегі жоғары деңгейде өтіп, кештің сәнін келтіретініне сенімдіміз.

Арман Әшімов (10-3-1)

Қазақстандық спортшы ұйымның жеңіл салмақтағы уақытша чемпиондық белбеуі үшін белбеудің қазіргі иесі Крис Келадеспен (Канада) 13-4 сайысқа түспек. Арман Әшімов 2018 жылдың ақпан айында Микаэль Силандерді нокаутқа түсіріп, жеңіл салмақтағы M-1 Challenge чемпиондық белбеуін ұтып алған. Алайда белбеулердің біріктіруге қатысты келесі жекпе-жегінде ол Александр Доскальчуктен жеңіліп, рейджде алғаш рет жеңілді және осы айқаста жарақаттанды. Жарақаттан айыққаннан кейін Арман екі бірдей елеулі жеңіске қол жеткізді. Ол бразилиялық Кайк Аленкарды да, оның отандасы Флавио Да Сильву Сантосты да жолда қалдырды. Енді, осы жолы қазақстандық чемпион жаңа титулдық белбеуді ұтып ала алады.

UFC ардагері Крис Келадес M-1 Challenge-де де өзінің жоғарғы деңгейдегі спортшы екенін көрсетті. Бірнеше жеңістен кейін ұйымның чемпионы Александр Доскальчукпен айқасуға мүмкіндік алды. Алайда, жекпе-жекке бірнеше апта қалғанда, Александр жаттығу кезінде жарақаттанып қалды. Осыдан кейін, уақытша чемпиондық титул үшін жекпе-жекті украиналық палуан Александр Плетенкомен өткізу туралы шешім қабылданды. Плетенко рейджде Кристі жеңген жалғыз спортшы. Олардың екінші айқасында Крис Келадес реванш жасап, жеңіске жетті. 

Кикбоксингтен бірнеше чемпиондық титул иесі және K-1 чемпионы қазақстандық талантты палуан өзінің бұрынғы белбеуін қайтарып алуға тырысады. Бұл жолда оған UFC турнирлерінің ардагерлері, чемпиондық титулдың қазіргі иесі қарсылық танытпақ. Көрермендер екі шебер әрі тәжірибелі спортшының классикалық жекпе-жегін көріп, спортшыларға қолдау білдіре алады.

Турнир ұйымдастырушысы М1-Global (Ресей) және бірнеше ММА федерациясын біріктірген "Қазақстанның біріккен ММА федерациялар қауымдастығы" ЗТБ. Аталмыш ұйымды қазақстандық танымал спорт насихаттаушысы Ғалымжан Есенов басқарады. Бас директор – Валихан Тен. Республикалық бірлескен федерация Кәрім Мәсімов президенті болып табылатын Жекпе-жек өнері ассоциациясының құрамына кіреді. Аталмыш ассоциация 4 бағытта жұмыс жасайды: каратэ, жекпе-жек, толық байланысқан спорт түрлері және аралас жекпе-жек ММА.

Турнир бағдарламасында көрермендер әртүрлі елден келген спортшылардың қатысуымен 12 жекпе-жекті тамашалай алады. Турнир 19 қазан күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:00 басталады. Кіру тегін.