Katowice Major: AVANGAR жарыс жолын аяқтады

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Айбар Рысдәулет>
Katowice Major: AVANGAR жарыс жолын аяқтады
Фото ©️ hltv.org

Қазақстандық AVANGAR командасы жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайтын Katowice Major халықаралық жарысынан шығып қалды.

БӨЛІСУ

Counter-Strike: Global Offensive (CS:GO) ойыны бойынша бақ сынаған қазақстандық ұжым төртінші кездесуінде жеңіліс тапты. Финляндияның ENCE командасынан 16-7 есебімен жеңілген AVANGAR Katowice Major турнирінің плей-офф кезеңіне бір қадам жерден тоқтады. 

AVANGAR аталмыш жарыстың негізгі кезеңіндегі алғашқы матчында AVANGAR 0:2 (12:16 Mirage; 7:16 Train) есебімен team Liquid командасынан ұтылып қалды. Алайда ойын барысында қазақстандық команда есепте алда болып, жеңіске жетуге жақын еді. Алайда соңғы сәтте қарсылас команда таразы басын теңестіріп, артынша жеңісті жұлып алды. 

Екінші кездесуде AVANGAR америкалық NRG командасынан басым түсті. Есеп - 16:13. AVANGAR-дың капитаны Али Jame Джами ойынның үздігі деп танылды. Ал үшінші матчта тағы бір америкалық ұжымды қапы қалдырды. Қазақстандық ойыншы Дәурен AdreN Қыстаубаев өнер көрсететін FaZe Clan командасы AVANGAR-дан 16:13 есебімен жеңіліс тапты. Дегенмен төрт ойынның қорытындысы бойынша FaZe Clan плей-офф кезеңіне жолдама алды.

AVANGAR - 2016 жылы Қазақстанда құрылған бұл ұйымда танымал Counter-Strike:Global Offensive және PlayerUnknown's Battleground ойындарынан сынға түсетін командалар бар. Бұл ұйымның жігіттері екі ойыннан да жақсы нәтижелерге жетті. Қазір командада төрт қазақстандық ойыншы өнер көрсетеді. Атап айтқанда: Тимур Төлепов, Айдын Тұрлыбеков, Алексей Голубев және Бектияр Бақытов. Ал команданың капитаны - ресейлік ойыншы Али Джами.