Әлемге белгілі The Ring журналы кезекті шығарылымын қыркүйекте өтетін кездесудің кейіпкерлері қазақстандық Геннадий Головкин мен қарсыласы Сауль Алвареске, олардың рематчына арнап журналдың мұқабасына қос спортшының суретін жариялады.
Мұқабада қылқаламмен салынған екі боксшының көз атысып тұрған суреті тұр. Екеуінің ортасында «War!» (соғыс) деген жазу бар. Боксшылар арасында өтетін екінші кездесу шынымен де достық кездесуге ұқсамайды. Қос спортшы да, қос тараптың жаттықтырушылары да, промоутерлер де өзара келісе алмай, жиі ұрысып-керісіп қалып жатыр. Бұл жеңіске деген құлшыныстың салдарынан орын алып жатыр. Бірінші кездесу тең аяқталғандықтан қос боксшы да екінші мүмкіндікті жібермеймін деп отыр.
Тағы да еске сала кетейік, «Канело» мен «GGG» арасындағы кездесу қыркүйектің 15 күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.