Британдық боксшы Мартин Мюррей (26-1-1, 11 КО) бұдан былай қазақстандық орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге қарсы титулдық кездесу өткіземін деп қобалжымай-ақ қойса да болады. Себебі Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) Головкиннің чемпиондық статусын жоғарылатып, оған «Орта салмақтағы әлемнің суперчемпионы» деген атағын берді. Бұл жөнінде Boxingnews24.com хабарлап отыр.
Осылайша Мартин Мюррей 30 жасар аустралиялық Джаррод Флетчермен (17-1, 10 КО) 1 ақпан күні Монте-Карлода андеркартта (басты кездесу алдындағы қыздырыну жекпе-жегі) шаршы алаңға шығатын болады.
Айта кетейік, Мюррей бұл атаққа осымен үшінші рет таласқалы отыр: «Бұл күнді асыға күтемін. Себебі бұл менің басты арманым. 1 ақпан күні белбеуді менің белімнен көретін боласыздар»,-дейді Мюррей.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: lenta.ru