«GGG» мобильді қосымшасы жарыққа шықты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
«GGG» мобильді қосымшасы жарыққа шықты
Фото ©️ vk.com

«GGG Promotions» қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің смартфон қолданушылары үшін мобильді қосымшасы жарыққа шыққанын қуана хабарлады. Бүгіннен бастап GGG жанкүйерлері IOS және Android операциялық жүйесіндегі смартфондары арқылы бағдарламаны жүктеп алуға мүмкіндіктері бар.

БӨЛІСУ

«GGG» мобильдік қосымшасы «one stop shop» жүйесінде жұмыс жасайды. Бағдарламаға қазақстандық боксшының әлеуметтік желілердегі топтары мен жеке парақшалары бір арнаға топтастырылған. Сонымен қатар мобильді қосымшада Гена туралы соңғы жаңалықтар, өмірбаяны мен спорттық мансабы, жекпе-жектері, фото мен видеолар уақытымен жарияланып тұрмақ. Одан өзге Геннадий Головкинге әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлерінің хат, фото, видео және ауызша хабарлама жолдауларына мүмкіндік бар. Бағдарламаны немістің «Bside-Me» компаниясы жасап шығарған.

Геннадий Головкин туралы мобильді қосымша әзірге ағылшын, неміс және орыс тілдерінде ақпарат таратады. Алдағы уақытта испан тілінде де «сөйлейтін» болады.

- Жаңа мобильдік бағдарламаны App Store және Google Play арқылы тегін жүктеп алуға болады. Қазіргі таңда Геннадий Головкиннің әлемнің түкпір-түкпірінде жанкүйерлері бар. Жаңа бағдарлама сол жанкүйерлерін бір арнаға тоғыстырады деген сенімдеміз. Одан өзге жанкүйерлер жекелей блог та жариялай алатын болады. Арнайы жарыстар да ұйымдастырып тұрамыз. Қызықты болу үшін барлығын жасайтын боламыз. Бұл GGG жанкүйерлеріне ұнайды деген сенімдеміз. Біз бұл бағдарламаны іске қосуда бір ғана мақсат қойып отырмыз. Ол – жанкүйерлерге жақын болу, - деген Генаның менеджері Олег Герман.

Мобильді бағдарлама алдағы уақытта тағы да жаңа мүмкіндіктермен толығып, Генамен хабар алмасудың түрлі тәсілдері жолға қойылмақ.