Кәсіпқой бокстағы 30-шы кездесуінде аустралиялық Дэниэл Гилді тізе бүктірген Геннадий Головкин жекпе-жек соңынан америкалық WBO чемпионы Питер Куиллин мен WBC чемпионы атағы бар пуэрто-рикалық Мигель Коттоны келесі қарсыласы атануға шақырды.
GGG «Madison Square Garden» кешеніндегі кезекті жеңісінен кейін орта салмақтағы барлық тұжырым чемпионы атағын иеленгісі келетінін жеткізді.
- Менің Котто және Куиллинмен жекпе-жек өткізгім келеді. Жігіттер, маған хабарласыңыздар. Мен дайынмын. Бірақ, бірінші кезекте Мигель Коттомен жұдырықтасқым келеді, - деді.
Айта кетсек, Геннадий Головкин Дэниэл Гилді еш қиналмастан жеңіп, кәсіпқой бокстағы 30-шы жеңісін тойлады. Оның 17-шісін уақытынан бұрын аяқтап отыр. 27 рет қарсыластарын нокаутқа жіберіп, орта салмақтағы ең көп бұл жетістікті бағындырған боксшы атанды.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: AFP