Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz сайтының тілшісі хабарлады.
БӨЛІСУ
Қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлердің айтуы бойынша Гена желтоқсан айында кезекті жекпе-жегін өткізуі бек мүмкін. Ал ол жекпе-жек жайлы нақты мәліметтер GGG командасы тарапынан ресми түрде жарияланған жоқ.
Айта кетейік, Геннадий Головкин осы жылы екі жекпе-жек өткізді. 18 наурыз күні АҚШ-та америкалық боксшы Дэниель Джейкобсты жеңсе, кеше мексикалық боксшы Сауль Альвареспен тең түсті.