Forbes: Онжылдықтың ең бай спортшылары

Тұрсынбек Раушанұлы Корреспондент
Тұрсынбек Раушанұлы>
Forbes: Онжылдықтың ең бай спортшылары
Фото ©️ vk.com

Forbes журналы 2010-2019 жылдар аралығында ең көп табыс тапқан спортшылардың рейтингін жариялады. 

БӨЛІСУ

9 жылы ішінде ең көп табыс тапқан спортшылардың көшін 915 миллион доллармен Флойд Мейвезер бастаған. Екінші орынға “Ювентус” шабуылшысы Криштиану Роналду жайғасқан. Португалиялық футбол жұлдызының табысы 800 миллион долларды құрады. Үштікті аргентиналық футболшы Лионель Месси қорытындылаған. “Барселона” лидерінің осы аралықта тапқан табысы – 750 миллион доллар. 

Рейтингте спортшылардың жалақысы, ақшалай сыйлықтары, бонустары мен имидж құқығын пайдаланып жарнамадан тапқан қаржысы есепке алынған. 

Ең көп табыс тапқан топ-10 спортшы:

1. Флойд Мейвезер (бокс) – 915 млн
2. Криштиану Роналду (футбол) – 800 млн
3. Лионель Месси (футбол) – 750 млн
4. Леброн Джеймс (баскетбол) – 680 млн
5. Роджер Федерер (теннис) – 640 млн
6. Тайгер Вудс (гольф) – 615 млн
7. Фил Микельсон (гольф) – 480 млн
8. Мэнни Пакьяо (бокс) – 435 млн
9. Кевин Дюрэнт (баскетбол) – 425 млн
10. Льюис Хэмилтон (“Формула-1”) – 400 млн 

Айт кетейік, әйелдер арасынан байлар рейтингіне бір ғана әйел спортшы – теннисші Серена Уильямс 215 миллион доллар табыспен енген.