Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағы (FIFA) футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы Франция мен Иран арасындағы даулы матчты тексеретін болды, - деп хабарлайды msports.kz сайты.
F тобындағы көшбасшылыққа талас ойынды тексеру туралы шағымды Ливия және Парагвай құрамалары берген. Олар Франция мен Иран құрамалары әдейі жеңіске жетпеуге тырысқан деп санайды, себебі жеңіліс екі құраманың плей-офф кезеңінде жеңілірек қарсыластармен ойнауына мүмкіндік беретін еді.
22 қыркүйекте өткен топтық кезеңнің үшінші турында Иран Францияны 4:1 есебімен жеңіп, екі команда да 1/8 финалға шыққан. 26 қыркүйекте Иран Мароккомен, ал 27 қыркүйекте Франция Тайландпен ойнайды.
ФИФА ресми тергеу жұмыстары аяқталғанша пікір білдіруден бас тартты.
Франция – Иран ойынын жанкүйерлер мен спорт мамандары "нағыз ұят іс болды" деп бағалады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита да бар. Сондай-ақ құрамаға енбей қалған Тайнан да сынға алды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 1/8 финалда Португалиямен ойнайды. Матч 26 қыркүйек күні Әндіжанда өтеді.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!