Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағы (FIFA) жыл үздіктерін анықтап, кеше арнайы марапаттады. Жылдың ең үздік голы мәртебесін "МЮ" футболшысы Алехандро Гарначо жеңіп алды, - деп хабарлайды msports.kz.
"Манчестер Юнайтед" ойыншысының голы FIFA нұсқасы бойынша үздік деп танылып, Ференц Пушкаш сыйлығын алды. Ол бұл голды 2023 жылдың 26 қарашасында АПЛ-де "Эвертон" командасы қақпасына қайшылай теуіп соққан еді.
Пушкаш сыйлығы 2009 жылдан бері табысталып келеді. Танымал сыйлықтың атауы 1950 жылдары Венгрия ұлттық құрамасының капитаны болған Ференц Пушкаш құрметіне берілген. Өткен жылы ұлттық құрама капитаны Асхат Тағыберген де үміткер болған еді.
Марапаттау кешінде жылдың үздік футболшысына берілетін "The Best" сыйлығын Винисиус Жуниор иеленді. Үздік жаттықтырушы марапатына Карло Анчелотти ие болды. Ал үздік қақпашы болып Эмилиано Мартинес (Аргентина) танылды.
FIFA нұсқасы бойынша жылдың үздік құрамы
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000-ға дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!