“Cпаррингте қатты ұрмау керек еді“. Жәнібек Әлімханұлы қарсылас таппай жүр

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
“Cпаррингте қатты ұрмау керек еді“. Жәнібек Әлімханұлы қарсылас таппай жүр
Фото ©️ Top Rank

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) келесі жекпе-жегіне қарсылас таба алмауда. Бұған қатысты боксшы Іnstagram-парақшасына әзіл-шыны аралас жазба жариялады, - деп хабарлайды msports.kz

БӨЛІСУ

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) Жәнібекке британдық Хамза Ширазды (21-0, 17 КО) міндетті қарсылас етіп бекіткен. Алайда қарсыласы бұл жекпе-жектен бас тартты. Хамза Карлос Адамеспен жұдырықтасқысы келеді. 

Оларды спаррингте қатты ұрмау керек еді 😎 Қарсыластардың қорыққаны жақсы ғой, бірақ қашқаны біраз жоспарды құртып жіберді. Бұл оқиғалардың бәрі Қазақ стилінің тарихындағы елеулі сәттер! Біз тоқтамаймыз! 2 титул қолда, 2 титул жолда! Жорық жалғаса береді!, - деп жазды Жәнібек. 

Айта кетейік, Жәнібек 4 қазан күні жаңазеландиялық Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) нокаутпен жеңген болатын.