Cан-Марино – Германия ойынына қазақстандық төрешілер қазылық жасайды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Cан-Марино – Германия ойынына қазақстандық төрешілер қазылық жасайды
Фото ©️ kff.kz

2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Сан-Марино мен Германия құрамалары арасындағы ойынға қазақстандық төрешілер қазылық жасайды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

- Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаменті Артем Кучин (Қарағанды) бастаған қазақстандық төрешілер тобының 2018 жылғы әлем чемпионатындағы іріктеу турнирінің «С» тобындағы Сан-Марино мен Германия ұлттық құрамаларының кездесуіне тағайындалғанын хабарлайды. Бас төрешіге алаң жиегінде Евгением Бельский (Тараз), Анатолий Ходин (Атырау) және Александр Гаузер (Петропавл) көмектеседі, - делінген ресми хабарламада.

Ойын 2016 жылдың 11 қараша күні Серравалле қаласында (Сан-Марино) жергілікті уақытпен 20:45-те басталады.