CAS «Реалға» рақымшылық жасады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
CAS «Реалға» рақымшылық жасады
Фото ©️ Tellement Foot

Лозаннадағы спорт істері бойынша төрелік жасайтын сот (СAS) мадридтік «Реалдың» шағымын қайта қарап, өтініштерін қанағаттандырды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

«Корольдік клуб» 2017 жылдың жазғы ауысым кезеңінен бастап жаңа ойыншыларды қатарына қоса алады. CAS мадридтік ұжымға қарсы шектеуін бір ауысым кезеңіне қысқартты. Яғни, бастапқы жазалау мерзімі 2018 жылдың қаңтар айына дейін болатын.

Айта кетейік, ФИФА жазалауына ұшыраған командалар қатарында «Реалдан» өзге мадридтік екінші бір клуб «Атлетико» да бар. Қос клуб қыркүйек айында ойыншы сатып алуда ФИФА ережелерін сақтанбағаны үшін жазаланған еді. Олар 18 жасқа жетпеген ойыншыларды командаға қосу кезінде шектес тыс нәтиже тіркеген.