Astralis Katowice Major турнирінде топ жарды

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Айбар Рысдәулет>
Astralis Katowice Major турнирінде топ жарды
Фото ©️ PCFiend.com

Даниялық Astralis командасы жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайтын Katowice Major халықаралық турнирінде топ жарды.

БӨЛІСУ

Counter-Strike: Global Offensive (CS:GO) ойыны бойынша Astralis финалдық кездесуде бұған дейін қазақстандық AVANGAR-ды жарыс жолынан шығарған Ence командасымен күш сынасты. Train картасында өткен жылғы чемпиондар 16:11, ал Inferno картасында 16:4 есебімен жеңіске жетіп, Katowice Major турнирін үшінші мәрте ұтып алды. 

Финалдың үздік ойыншысы деп 1,52 ұпай жинаған Андреас «Xyp9x» Хойслет (Astralis) танылды. Турнир барысында Astralis плей-офф кезеңіне жолдама үшін өткен матчта бір ғана картада ұтылған. Осылайша, даниялық ойыншылардан құралған Astralis командасы 500 000 доллар жүлдені жеңіп алса, екінші орын алған Ence ұжымы қанжығасына 150 000 долларды байлады. 

Қазақстандық AVANGAR командасы жарыстың негізгі кезеңіндегі алғашқы матчында AVANGAR 0:2 (12:16 Mirage; 7:16 Train) есебімен team Liquid командасынан ұтылып қалды. Алайда ойын барысында қазақстандық команда есепте алда болып, жеңіске жетуге жақын еді. Алайда соңғы сәтте қарсылас команда таразы басын теңестіріп, артынша жеңісті жұлып алды. 

Екінші кездесуде AVANGAR америкалық NRG командасынан басым түсті. Есеп - 16:13. AVANGAR-дың капитаны Али Jame Джами ойынның үздігі деп танылды. Ал үшінші матчта тағы бір америкалық ұжымды қапы қалдырды. Қазақстандық ойыншы Дәурен AdreN Қыстаубаев өнер көрсететін FaZe Clan командасы AVANGAR-дан 16:13 есебімен жеңіліс тапты. Ал соңғы матчта Финляндияның ENCE командасынан 16-7 есебімен жеңіліп, турнирдің плей-офф кезеңіне бір қадам жерден тоқтады. 

AVANGAR - 2016 жылы Қазақстанда құрылған бұл ұйымда танымал Counter-Strike:Global Offensive және PlayerUnknown's Battleground ойындарынан сынға түсетін командалар бар. Бұл ұйымның жігіттері екі ойыннан да жақсы нәтижелерге жетті. Қазір командада төрт қазақстандық ойыншы өнер көрсетеді. Атап айтқанда: Тимур Төлепов, Айдын Тұрлыбеков, Алексей Голубев және Бектияр Бақытов. Ал команданың капитаны - ресейлік ойыншы Али Джами.