Astana Motorsports командасы Т2 санатында үшінші орынға жайғасты

Еркебұлан Қайрахан Корреспондент
Еркебұлан Қайрахан>
Astana Motorsports командасы Т2 санатында үшінші орынға жайғасты

«Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының құрамындағы Аstana Motorsports командасы Abu Dhabi Desert Challenge 2015 жарысының бірінші кезеңін сәтті аяқтады. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша Nissan Patrol автокөлігін тізгіндеген Игнат Фальков пен Денис Березовский Т2 санатында үшінші орынға жайғасты, – деп хабарлайды bnews.kz.

БӨЛІСУ

Abu Dhabi Desert Challenge 2015 жарысының бірінші кезеңіне қатысқан 48 автокөлік 404 шақырымды бағындырды. Astana Motorsports экипажы сайысқа тоғызыншы болып шықты. Шабандоздардың айтуынша, бүгінгі арнайы учаске жұмсақ, аласа құмды дөңдермен ерекшеленді. Жолдың орта тұсында құмды дөңестерді қатты топырақ жамылғысы алмастырды, ал мәре сызығы көріне бастағанда спортшылар биік дөңдерден өтіп, құмды учаскелерден сағатына 100-130 км жылдамдықпен жүйткіп өтті. 

«Жарыс барысында 11 минутымыз дөңгелек ауыстыруға кетті. Дегенмен, бүгінгі кезең сәтті өтті», - дейді Astana Motorsports ұшқышы Денис Березовский.

Осылайша, Astana Motorsports жол талғамайтын көлігі Т2 санатында үшінші сатыға тұрақтады. Ал жалпы турнир классификациясында шабандоздарымыз 27-ші орында. 

сурет: youtube.com