Astana Arlans пен Mexico Guerreros командаларының боксшылары Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жартылай финалы алдында салмақ өлшеу кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Естеріңізге салсақ, ертең 20 сәуір күні Алматы қаласында жартылай финалдық кездесудің қарымта матчы өтеді. Сонымен, қонақ команданың бапкерлері жауапты матчқа келесі боксшыларды шақырған екен: беларусь Вазген Сафарянц, ирландиялық Конрад Каммингс, хорват Божан Мискович, серб Милутин Станковичм және мексикандық Аарона Аламеда. Сонымен бірге, тең ойын тіркелген жағдайда, қосымша жекпе-жек үшін Карлос Санчес рингке шықпақ.
Ал Astana Arlans қатарында рингке қазақстандық Бағдат Әлімбеков, Самат Бәшенов, Руслан Мырсатаев, украиналық Сергей Деревянченко, ирандық Эхсан Рузбазани және ирландық Эрик Донован шығады.
Astana Arlans – Mexico Guerreros арасындағы матчқа шығатын боксшылар:
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде
Бағдат Әлімбеков (сол жақта) қарсыласы Аарон Аламеда
61 келіге дейін
Самат Бәшенов (сол жақта) қарсыласы Вазген Сафарянц
73 келіге дейінгі салмақта
Сергей Деревянченко (оң жақта) қарсыласы Конрад Каммингс
85 келіге дейінгі салмақта
Эхсан Рузбахани (сол жақта) қарсыласы Божан Мискович
91 келіден жоғары салмақта
Руслан Мырсатаев (оң жақта) қарсыласы Милутин Станкович
Резервті жекпе-жек
Эрик Донован (сол жақта) қарсыласы Карлос Санчес
Командалардың кездесуі ертең 20 сәуір күні Алматыда, сағат 19.00-де басталады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: vesti.kz