Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22 жылдығына орай ұйымдастырылған аралас жекпе-жек кездесулерінде «Alash Pride» әлемнің мықтысы саналатын майталмандарды 7:5 есебімен тізе бүктірді. «Ұлы майдан-2» деген атаумен байрағын көтерген дода Алматыдағы Балуан Шолақ спорт кешенінде өтті.
Сонымен 12 кездесуге видеошолуымызды ұсынамыз:
1. Игорь Свирид («Арыстан жүрек», «Алаш прайд») — Алиев Рашид-Али (Ресей, Дағыстан)
84 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Игорь Свирид алғашқы болып кездесуге шығып, қарсыласын 2 минутта-ақ техникалық нокаутпен жеңді.
2. Христас Муратиди («Спартандық», «Алаш прайд») — Лоик Раджабов («Ягуар», Тәжікстан)
75 келіде өнер көрсеткен Христас Муратиди әзірбайжан Лоик Раджабовтан айласын асыра алмады
3. Сирожиддин Эшанбаев («Эшон», «Алаш прайд») — Сайд-Хамзат Авхадов («Құтырма», Ресей, Шешенстан)
71 келіде жекпе-жекке шыққан қарсыластар кездесуі 3 минутқа ғана созылды. Сайд-Хамзат Авхадов қылқындыру әдісін пайдалану арқылы жеңісті өз пайдасына шешіп кетті.
4. Әділ Боранбаев («Боран», «Алаш прайд») — Данияр Бабакулов («Қара рыцарь», Қырғызстан)
Жекпе-жек үш раундта да жалғаса білді. Төрешілер шешімімен жеңіс жерлесіміздің пайдасына шешілді.
5. Махир Мамедов («Болат аяқ», «Алаш прайд») — Магамед Нуров («Нур», Ресей, Мәскеу)
78 келідегі жекпе-жекте Махир Мамедов өз әдісін сәтті пайдалана білді.
6. Аслан Тоқтарбаев («Арыстан», «Алаш прайд») — Кевин Крум («Мықтап соғушы», АҚШ)
8. Қылышбек Сарқарбаев («Сайфулло», «Алаш прайд») — Олим Элджанов («Торнадо», Тәжікстан)
9. Ержан Естанов («Арлан», «Алаш прайд») — Аслан Шаов («Темір», Ресей)