Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (AIBA) президенті Чинг-Куо Ву өз еркімен қызметінен кету туралы шешім қабылдады.
Қараша айының басында AIBA тәртіптік-бақылау комитеті қаржыны оңды-солды жаратты деген күдікпен Чинг-Куо Вуды уақытша қызметінен босатқан еді. Сонымен қатар, Дубайда 2018 жылы қаңтарда өтуі тиіс кезектен тыс конгресс барысында 80-нен аса елдің ұлттық қауымдастығы Чинг-Куо Вуға сенімсіздік білдіру туралы шешімін жарияламақшы болған.
- Екі тараптан да әзірге тәртіпсіздік пен сыбайлас жемқорлыққа қатысты деректер мен айыптаулар жоқ. Уақытша президент болып Франко Фальчинелли болып қала береді, - делінген AIBA хабарламасында.
Чинг-Куо Ву өзі жақсы көретін спортына бүкіл өмірін арнағанын айтады.
- Мен AIBA және бокстың болашағы үшін өз орнымды босатамын. Қазіргі уақытта мен жаңа басшыға қызметімді толығымен тапсыру жұмыстарын жүргіземін. Мен AIBA ұйымына қызмет етуге мүмкіндік бергені үшін және барлық бокс қауымдастығына алғыс білдіремін, - деді Ву.
Чинг-Куо Вудың шешімінен кейін AIBA азаматтық сотқа берген арызын қайтып алды. Сонымен қатар, Фальчинелли Дубайда өтетін конгресс алдында AIBA орындаушы комитеттен Вуды ассоциациясның құрметті президенті етіп қалдыруды сұрамақ.
Чинг-Куо Ву AIBA президенті болып 11 жыл қызмет атқарды.