9 жасар қазақстандық қыз – шахматтан үш дүркін әлем чемпионы

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Болат Қосмағамбет>
9 жасар қазақстандық қыз – шахматтан үш дүркін әлем чемпионы

Қазақстандық оқушылар гректің Халкидикиінде өткен шахматтан әлем біріншілігінде бір алтын, бір күміс және бір қола медаль еншілеп қайтты. Бұл туралы Vesti.kz спорт порталы хабарлайды. 

БӨЛІСУ

Әлем чемпионы болып тоғыз жасар Бибісара Асаубаева танылды. Ол тоғыз тур нәтижесінде 8,5 ұпай жинап, жақын маңдағы индонезиялық қарсыласынан жарты балға оза шықты. Оған дейін Асаубаева Румыния мен Бразилияда өткен әлем біріншіліктерінде топ жарған еді. 

Үлкендер арасынан күмісті әлем чемпионатына тұңғыш рет қатысқан Әмина Қайырбекова еншіледі. Ол түрікмен қызы Багүл Эзизовадан екі ұпайға қалып қойған. Алтыннан алқа тағынған Багүл болса тоғыз партияның барлығында да жеңіске жеткен екен.  

Қола медальды он бес жасар ойыншылар арасынан Жанат Сайын жеңіп алды. Бұл топта әлем чемпионы болып әзірбайжандық спортшы Зейнали Мирадил танылды. Ол жарыс қорытындысы бойынша 7,5 ұпайға ие болған. Екінші орынды түрік Санал Вахап иеленді.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: tengrinews.kz