![Жетісу өңірінде екі көпірді су шайып кетті](/userdata/news/news_68347/image_l.jpg)
Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Шанханай ауылында жергілікті өзендердің бірінде су деңгейі көтерілді, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.
БӨЛІСУ
Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан салынып жатқан екі құбырлы көпірдің топырағы жартылай шайылып кеткен. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.
"Соның салдарынан Шаханай ауылында 4 ауланы ішінара су басып жатыр. Оқиға орнында ТЖД-ның 7 қызметкері, 1 техника мен 1 мотопомпа жұмыс істеп жатыр. 20 адам. қалпына келтіру жұмыстарына қатысты", - деп хабарлады Кербұлақ аудан әкімдігі.