![Қазақстандық биатлоншылар спринт бойынша жарысты аяқтады](/userdata/news/news_67403/image_l.jpg)
Бейжің Олимпиадасында биатлоннан ерлер арасында спринт бойынша жарыстар мәресіне жетті, - деп хабарлайды olympic.kz.
БӨЛІСУ
Спринт бойынша Қазақстан сапынан бүгін екі спортшы, атап айтқанда, Александр Мухин мен Владислав Киреев жарыс жолына шықты.
Александр Мухин 49-шы болса, Владислав Киреев мәре сызығын 77-ші болып кесіп өтті.
Айта кетерлігі, Норвегия спортшысы Йоханнес Бе Олимпиада чемпионы атанды. Франция өкілі Кентен Фийон-Майе күміспен күптелсе, Норвегия құрамасының мүшесі Тарьей Бе қолаға қол жеткізді.