Бейжің-2022. Бүгін кімдер жарыс жолына шығады?

Ақтоты Жапатова Корреспондент
Бейжің-2022. Бүгін кімдер жарыс жолына шығады?
Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

Бүгін қазақстандық спортшылар трамплиннен секіру, шаңғы жарысы, конькимен жүгіру, могул, шорт-трек секілді сайыс түрлерінен жарыс жолына шығады. Олардың қатарында Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында еліміз Туын ұстап шыққан шорт-трек шебері Абзал Әжіғалиев те бар. 

БӨЛІСУ

5 ақпан күнгі жарыс кестесі:

12:20. Трамплиннен секіру.
Ерлер. Іріктеу Сергей Ткаченко, Данил Васильев

13:45.Шаңғы жарысы. Скиатлон.
15 км. Әйелдер. Финал Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Валерия Тюленева

14:30. Конькимен жүгіру спорты. 3000 м.
Әйелдер. Финал. Надежда Морозова

16:00. Могул. Ерлер. 2-іріктеу.
Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков
17:30. Финал

17:00. Шорт-трек. 1000 м.
Ерлер. Іріктеу. Әділ Ғалиахметов

18:00. Шорт-трек. Аралас эстафета.
Іріктеу. Жартылай финал, финал. Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан

Айта кетейік, Бейжіңдегі Олимпиада ойындары 20 ақпанға дейін созылады. Қазақстаннан барған 34 атлет 8 спорт түрінен бақ сынайды.